Қазақстанда ЖОО саны қысқаруы мүмкін

216

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының санын қысқарту жөнінде Мемлекет басшысының тапсырмасын қалай орындайтыны туралы айтты,  деп хабарлайды Kazgazeta.kz  Baq.kz-ке сілтеме жасап.

«130 ЖОО-ға қатысты айтар болсақ, жаңа заң жобасында оларға академиялық дербестік беріледі. Осыған орай мамандықтар рейтингісін енгізетін боламыз. (…) Қазір ЖОО-ның көпшілігі әртүрлі бағыт бойынша топталады, содан кейін ЖОО-ның өзінде табиғи түрде мамандану жүреді. Бұл бірінші кезең. Әрі қарай екінші кезеңде олардың саны қысқаратын болады. Олар қалай қысқарады, әзірге бұл кезең туралы айта алмаймын. Тек нақты айтарым, елдегі ЖОО саны бұдан былай көбеймейді. Әлсіз ЖОО-ны күшейту біздің міндетіміз болып отыр. Егер мұны орындай алмасақ, басқа шаралар қабылдайтын боламыз», — деді министр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *