Жасанды жауын

135

Араб шейхтарының шексіз байлықтары туралы түрлі ертегілер айтуға болады. Олардың құрлықтарды сатып алуы, гауһар тастар мен алып яхталарды иеленуі қазір ешкімді таң қалдырып, таңдай қақтыра көрмес. Алайда ауа райын өз қалауларына қарай ауыстыра алуы расында да таң қаларлық.

Абу-Даби әмірлігіндегі жасанды жауын жасау тәжірибесі табыспен аяқталды. Ендігәрі әмірлік тұрғындары аптап ыстық пен қуаңшылықтан зардап шекпейтін болады. Weathertec деп аталатын климаттық жоба Абу-Даби билігіне 11 млн.долларға түсті.

Құралдың жұмыс жасау ерекшелігі мынада: арнайы құралдар теріс зарядты иондарды жинайды. Ал бұл бөлшектер өз кезегінде, жауын бұлттарын қалыптастырады. 2010 жылы ғалымдар әмірліктегі көлемі жағынан екінші орын алатын Әл-Аин қаласында 52 жасанды жауын жасаған. Жасанды жауын-шашынның табиғи жауыннан еш айырмашылығы болмаған: бұршақ, қатты жел мен найзағай мұндай құбылыстарды сирек көретін  жергілікті тұрғындардың зәре-құтын қашырған.

Аталмыш жобаның тапсырыс берушісі Абу-Даби әмірі, Біріккен  Араб Әмірліктерінің президенті, әлемдегі ең ауқатты адамдардың бірі, шейх Халифа ибн Зайд аль Нахайян.

billionnews.ru

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *