Бақытжан Сағынтаев: 4 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ 3,8 пайызға баяулаған.

53

Бүгін  ҚР премьер министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған отырысы өтті.

Үкімет басшысы министрліктер мен өңірліктерге тапсырған жұмыстардың өнімділігіне тоқталды. Осы бойынша жауапты мекемелерге нақты шешім қабылдауды тапсырды. Бақытжан Сағынтаев экономикалық өсімнің көрсеткішіне көз жүгіртіп , қарқынды  қызмет пәрменін ұсынды.

Жыл басынан бері экономикалық өсімнің оң қарқыны байқалып отыр. Оны өздеріңіз көріп отырсыздар. Алайда, 4 айдың қорытындысы бойынша сәуірде өсім 3,8 пайызға дейін баяулағанын көрдік. Деректерге қарасақ, министрліктер мен өңірлер кейбір көрсеткіштер бойынша өткен айлардың деңгейін сақтамайтындығы байқалды», — деді отырыстағы сөзінде Үкімет басшысы.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 3,8 пайызды құрады. Еліміздің экономикалық өсімі өткен науқанмен салыстырғанда көңілге қонбайды. Жыл басынан бері инфляция 2,2 пайызды құрады. Жылдық инфлация 6,5 пайызды көрсетеді. Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жалпы ішкі өнімге байланысты баяндама жасады.

«Қазақстандағы экономикалық белсенділік жағымды серпінді көрсетуді жалғастыруда. Алайда, өткен аймен салыстырғанда бірқатар бәсеңдеу байқалып отыр. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8 пайызды құрады. Бәсеңдеу бәрінен бұрын құрылыстағы және металлургиядағы баяулаумен негізделеді. Жалпы алғанда экономикадағы өсу инфляциялық қысымның төмендеуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сүйемелденіп отыр»,-деді бас есепші.

Сондай-ақ, халықаралық валюта бағамына да тоқталды. Оның дерегіне қарағанда халықаралық резервтер жүйесі қалпынан ауытқымайды.

«Ағымдағы жылғы 1 мамырға елдің халықаралық резервтері 1,8 пайызға артып, 90,7 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайды. Алтын валюта резервтері 3,4 паыйызға өсті. Ұлттық қордың активтері 0,9 пайызға артты»,-деп қорытындылады Тимур Сүлейменов.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *