Қызылға боялған өзен суының сынамасы зертханаға жіберілді

129

Қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенінің суын «Қазгидромет» РМК мамандары тексеріп жатыр. «Қазгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің химиялық талдау бөлімінің басшысы Айжан Нүкенова өзен суын 47 көрсеткіш бойынша тексерілетінін жеткізді.

«Біздің мамандар Экология департаментінің өкілдерімен бірлесе отырып өзен суынан сынама алды. Бұл жоспардан тыс тексеру болды. Негізінен судың құрамы 47 көрсеткіш бойынша тексеріледі. Атап айтқанда, судың температурасы, ауыр металдар тұзы, оттектік құрамы,  азоттық тобы, нитраттар, нитриттер, аммоний тұзы, марганец, фосфор, карбонат, мұнай қалдықтары сияқты заттар тексеріліп жатыр. Бұл заттар судың қызыл түске боялуына ықпал етуі мүмкін», — дейді Айжан Нүкенова. Ертең талдау нәтижелері дайын болады. Еске салсақ,  қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзенінің видеосы тарағалы тұрғындардың мазасы болмады.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *