Қазақстан азаматтығына қабылдауға жылы жауап қатты

5

Қазақстан азаматтығына қабылдау және азаматтықтан  шығару мәселесі бүгін өткен отырыста қаралды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысында белгілі болғандай, алыс шетелден келген 587 этностың өкілі Қазақстан азаматтығын алады. Мемлекеттік хатшының сөзіне қарағанда,  еліміздегі саяси және экономикалық жағдайдың тұрақты болуы шетелдік азаматтардың қазақ еліне қызығушылығын оятқан.

«Қазақстан азаматы болуды қалайтын адамдар саны жылдан жылға артып келеді. Аталған жайт Қазақстанның азаматтық институтының халықаралық беделі жоғарылығын, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің тұрақтылығын, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің дамығанын айғақтайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» стратегиясы жүйелі жүзеге асырылуының арқасында осындай мүмкіндікке ие болдық», — деді мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан азаматтығын алатын шетелдік азаматтарға ілтипат білдіріп, жылы шырай көрсетті. Сонымен Қазақстан азаматтығын алуға ниет білдірген шетел азаматтарының мәселесі комиссия отырысының қортындысында шешімін тапты.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *