Қытайда абақтыға қамалған 9 қандасымыз бостандыққа шықты

152

Қытайда қамауға алынған он екі қандасымыздың тоғызы бостатылды. Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлімдеді. Министр  қос азаматтық алғаны үшін ұсталған этникалық қазақтар мәселесі Үкіметтің назарында болады. Сәуір айында Қытай тарапымен екі мәрте кездесу өткізіліп, түйткілді жайтты шешу жолдары талқыланды. Ал қамаудағы 3 азаматқа қатысты жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Сыртқы істер министрлігінде қиындыққа тап болған 170-тей этникалық қазақ туралы ақпарат бар. Оларға қатысты мәліметті туған-туыстарынан біліп жатамыз. Біз өз тарапымыздан әрбір азаматтың тағдырына бейжай қарамауға тырысамыз. Азаматтардың мүддесін қорғау үшін қытайлық тараппен келіссөз жүргізуде ешқандай кедергі жоқ»,-дейді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов

Дереккөз: 24.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *