Денсаулық сақтау министрі: Менингит жұқтырғандардың жағдайын өзім жеке бақылап отырмын

4

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов менингококк инфекциясын жұқтырған азаматтардың денсаулығын жеке өзі бақылап отырғанын мәлім етті.

«Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Менингит мәселесі бақылауда. Кеше бір адам менингит жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді. Жалпы, осы дертке шалдыққан пацениеттердің жағдайын жеке өзім бақылап отырмын. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деді министр Үкімет отырысынан шыққан соң.

Оның айтуынша, кеше Алматыдағы ауруханаға ауыр жағдайда бір бала жеткізілген.

«Алайда оның денсаулығы қазіргі таңда бірқалыпты. Оған нақты диагноз қойылған жоқ. Менингит ауруын жұқтырды деген диагноз нақты 60 адамға қойылды. Аурудың жаңа деректері тіркелген жоқ, сондықтан мәселе бақылауда. Қазіргі таңда менингококк инфекциясын жұқтырған ауруханада 11 пациент ем қабылдап жатыр», — деп түйіндеді сөзін Елжан Біртанов.

Дереккөз: baq.kz

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *