1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек

155

2018 жылдың 1 маусымынан бастап виза беру рәсімі ережелеріне өзгерістер енеді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың 1 шілдесінен зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың мәлімдеуінше, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі.

«Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54-100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 миллион адамды қамтиды. Оның ішінде 1 миллионға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы 37-ден 81 пайыз деңгейінде болады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.

Бұған қоса, Мәдина Әбілқасымова елге оралатын қандастарымыздың да мәселесіне тоқталды. Осыған орай зейнетақы жүйесі көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақшы.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *