Ұлттық бюроның экс-басшысы Татубаев жаңа қызметке келді

154

Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды

«Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы 4 шілдедегі бұйрығымен Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар жасалды. Жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі еңбек өтілі ескеріліп, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына 1976 жылы туған Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды», — делінген хабарламада.

Талғат Маратұлы Татубаев 1976 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 3 дәрежелі жоғары біліктілік сыныбы бар. Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Оның ішінде ішкі істер, қаржы полициясының органдары, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде басшылық лауазымдарында болды.

2016 жылғы қыркүйек — 2018 жылғы маусым аралығында МҚІжСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

«Құрмет» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған. Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдары басшылығының Президенттік резервінде тұр.

tengrinews.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *