Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын-үй құрылыстарының ерекшеліктері жөнінде баспасөз конференциясы өтті

184

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысының қатысуымен «Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын-үй құрылыстарының ерекшеліктері және орындалу мезгілдері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

         Алматы қаласы мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бақылау мен қадағалау функцияларын орындауға уәкілетті.

Басқарманың негізгі қызметі бұл:

  • жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын бақылау мен заңсыз құрылысты бұлтартпау;
  • лицензиялау және аттестаттау саласында мемлекеттік қызмет көрсету.

Бүгінгі күнде Алматы қаласы аймағында 1 608 нысанның құрылысы жүргізілуде, оның ішінде: бюджеттік қаражат есебінен– 405; жеке қаражат есебінен (коммерциялық нысандар)1 203.

Сондай — ақ үлескерлер қатысуымен 7 нысан тіркелді. Алайда, Басқармамен істелген жұмыстарынан кейін «Ақ Жайық» ТК, «Весновка» ТК күрделі нысандар болып қалады (құрылыс-монтаж жұмыстары қаржыландырудың жоқтығынан тоқтатылды, инвестор құрылысты қаржыландырмайды).

Бұдан бөлек 2017 жылы 119 заңсыз нысан анықталды, оның ішінде 66 нысан бұзылды. 53 нысан бұзылмай 2018 жылға ауысты.

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында тағы 77 заңсыз нысан анықталды, оның ішінде 65 нысан бұзылды, 12 нысан бұзылмады.

Барлығы, бүгінгі күнге Алматы қаласы аймағында 65 бұзылмаған нысан (заңсыз) бар.

65 заңсыз салынған нысанның ішінде 23 бойынша бұзу туралы талап арыздар бастамашылық етілді (барлығы бойынша бұзу туралы шешім бар). Қалған 42 нысан бойынша Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына істерді жолдауға шейін (айыппұлдар салынды) жан-жақты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

Ян Гейл бағдарламасын жүзеге асыру шегінде Н. Назарбаев, Абай, Абылай Хан даңғылдары, Гоголь мен Желтоқсан көшелері бойынша 111 нысан тексерілді

Жалпы 557 жоспардан тексеру жүргізілді, бақылаудың өзге түрлері шеңберінде 1 028 тексеру жүргізілді, жіберілген бұзушылықтарды жоюға 344 нұсқама берілді, сонымен қатар техникалық қадағалау қызметіне 2 435 тексеру жүргізілді.

91,1 млн. теңге сомасына айыппұл салумен 720 хаттама толтырылды, оның ішінде: 78,8 млн. теңге немесе 86 % төленді.

3 лицензияның қызметі 6 ай мерзіміне тоқтатылды;

8 сарапшының техникалық қадағалау аттестаттарының қызметі 6 ай мерзіміне тоқтатылды.

Алматы қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына 33,9 млн.теңге айыппұл сомасына 382 әкімшілік хаттама толтырылып, жолданды, сонымен бірге 29 хаттама бойынша қосымша шара қолданылды, бұл:

2 қаулы лицензиядан айырумен (жобалау қызметі);

1 қаулы сарапшының техникалық қадағалау аттестатынан айырумен;

10 қаулы заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлі түрде бұзумен;

16 қаулы нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатумен.

Азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде заңсыз салынған (салынып жатқан) құрылыстарды бұзу туралы 9 талап арыз берілді, оның ішінде 4 қанағаттандырылды.

Барлығы 1 163 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Мемлекеттік құрылыс лицензиясын беру және қайта ресімдеу мәселесі бойынша 1 287 өтініш түсті, оның ішінде: 717 мемлекеттік лицензия берілді және қайта ресімделді (құрылыс-монтаждау жұмыстары 472, жобалау қызметі 202, іздестіру қызметі 43).

Сарапшыларды аттестаттау мәселесі бойынша 320 өтініш түсті, оның ішінде: 133 аттестат берілді (техническалық қадағалау 88, авторлық қадағалау 8, қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттама сараптамасы 25, ғимараттар мен құрылыстар сенімділігін және орнықтылығын техникалық тексеру 12).

Жобаларды басқару құқығына аккредитация күәлігін беру мәселесі бойынша 3 өтініш түсті, оның ішінде: 2 берілді.

2018 жылдың I жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардың 8 705 өтiнiші түсті, 2 708 бастамашыл хат жолданды. Сонымен бұл мезгілде жалпы құжатайналым 11 413 құжатты құрады.

Басқарма басшысымен жеке қабылдауында 113 азамат пен заңды тұлғалардың өкілдері қабылданды.

Басқармамен артылған уәкілеттігінің шегінде қолданыстағы заңмен қарастырылған барлық жан-жақты шаралар қабылдануда.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *