Қазақстандық құтқарушылар Қырғызстанға жөнелтілді

345

30 шілдеде Бішкектен 40 шақырым Скрябин мұздығында жүрген туристерге тас құлаған еді. Салдарынан бірнеше елдің туристері және қазақстандық бір турист қаза болғаны белгілі болды. Зардап шеккендер арасында елімізден 3 турист болған.

Қазақстан тарапынан Қырғызстанға тікұшақтар жөнелтілді. Олар Скрябин мұздығында тас құлап, зардап шеккен туристерге көмек көрсетіп, құтқару қызметін көрсетеді. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, республикалық жедел құтқару отрядының тоғыз құтқарушысы «Казавиаспас» мекемесінің тікұшағымен 31 шілде күні таңғы сағат 7 шамасында Алматыдан ұшқан.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *