Пабло Пикассоның бірегей көрмесі өтеді

2341

 8 тамызда ҚР Ұлттық музейінде ХХ ғасырдың ең танымал және беделді шеберлерінің бірі – Пабло Пикассоның бірегей көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын «Пабло Пикассо. Воллористік Селестина мен керамика» экспозициясы Астананың 20-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» РМҚК Ақпараттық-имидждік жұмыстар қызметі хабарлайды.

Қала қонақтары мен тұрғындары көркем керамика мен Пикассо гравюраларының сирек көрсетілетін коллекциясын тамашалай алады. Құмыралар, табақшалар, сауыттар, ертегідегі құстар мен мифтік жаратылыстар – ұлы шебер Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін тұрақтаған Францияның оңтүстігінің ғаламат шуақты пейзаждарындай көз тартады.

1946 жылы Воллористе жыл сайын өтетін керамика көрмесіне барған Пабло Пикассо, сол жерден шабыт алып, төрт мыңнан аса декоративті керамикалық форма жасаған. Пабло Пикассо таныс заттардың уталитарлығын бірегейлік, даралық пен көркем туындының сиқырлығымен біріктіре алды. Шебер көзеші шарығын пайдаланбаған. Оның сауыттары мен кеселері өзінің әдейілеп жасалған формаларының арқасында әдемі, тұтас және тылсым һәм тартымды архаикалық мүсін өнерін еске түсіреді. Осы көзтартарлық, мінсіз пішіндерге ой жүгіртіп қарасақ, ғажайып құстар мен аңдардың тіріліп, ал түр-түссіз керамикадан жасалған мүсіндерге жан бітіп, адам кейіпіне енетінін елестетеміз, әдеттегі қарапайым образдар қайталанбас тұтас тарих ретінде көз алдымызға келеді. Көрме 2018 жылғы 3 қарашаға дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *