«Астана Арланс» пен «Куба Домадорестің» финалдағы кездесуінің қайда өтетіні белгілі болды

130

Кубалық Juventud Rebelde басылымы Дүниежүзілік бокс  сериясы финалының қазақстандық «Астана Арланс» командасы мен «Куба Домадорес» клубының мексикалық боксшылары арасындағы финалдық кездесуі қашан  және қайдаболатындығы жайында жазды. 

Ол 30 қарашада Қытайда өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

WSB  ұйымы әзірге бұл ақпаратты растаған жоқ.

Еске сала кетсек, жартылай финалда «Астана Арланс» британдық «Бритиш Лайнхартсті» сүріндірген еді. Ал «Куба Домадорес» Францияның «Франс Файтинг Рустерсін» турнирден шығарып жіберді.

Сондай-ақ «Куба Домадорес» бір де бір команданың басымдығы болмасы үшін финалды Кубада не Қазақстанда өткізуден бас тартқан болатын.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *