Конституция күніне орай «Астана Дауысы» екінші халықаралық фестивалі өтеді

751

29 тамызда Конституция күніне орай «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында «Астана Дауысы» екінші халықаралық фестивалі өтеді. Шараға әлемнің түрлі мемлекеттерінің қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табыстау рәсімі өтеді. «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Loreen, Интарс Бусулис, СЕВАК, Согдиана, ALEKSEEV, Григорий Лепс, Ани Лорак және Филипп Киркоров, және Грузия, Швеция, Латвия, Молдова, Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей, Қазақстанның музыкалық рейтингтерде көш бастаған артистері өнер көрсетеді. Билет құны — 1000-15000 теңге аралығында болмақ.

Сонымен қатар, мерекеге орай ұйымдастырылған қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті қала әкімдігі маңындағы алаңда өз көрермендерін күтеді. Онда Ғаділбек Жанай, Дастан Оразбеков, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева, Алмас Кішкенбаев сынды өнер жұлдыздары Астана тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Шара сағат 18.00-де басталып, 23.00-ге дейін жалғасады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *