Түркістан облысында алғашқы үшем дүниеге келді

380

Түркістан облысында алғашқы үшем дүниеге келді, деп хабарлайды kazgazeta.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Нәрестелерді жаңадан құрылған Келес ауданынына қарасты  Бірлік ауылының тұрғыны Аяжан Төленді өмірге алып келді. 23 жастағы келіншек №1 облыстық перинаталды орталықта босанған. Дәрігерлердің айтуынша, екі келі салмақпен туылған нәрестелердің жағдайы жақсы. Сәбилерге туыстары Төрәлі, Фатима мен Зәуре атты есімдер берген. Жаңадан босанған ананың бұдан өзге үш ұлы бар. Осылайша  ол алты баланың анасы атанып отыр.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *