ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жаңа ресми өкіл тағайындалды

643

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың бұйрығымен Жанна Бастарова агенттіктің ресми өкілі — қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары болып тағайындалды.

Жанна Бастарова  2005-2014 жылдары ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қаласы бойынша аймақтық департаментінің баспасөз хатшысы, аса маңызды істер бойынша бас инспектор, бас сарапшы, агенттіктің бас аппараты баспасөз қызметінің бас кеңесшісі болған.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында 2014 жылдан бері жұмыс істейді.Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі болды.

Бұдан бұрын Агенттіктің ресми өкілі — қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары болған Нұрлан Жахин Павлодар облысы бойынша Агенттіктің аймақтық департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *