«Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайындағы жөндеу жұмыстарына байланысты 180-ден астам рейс кешіктірілді

332

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайына ұшып-қону жолағында жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты 180-нен астам сапар рейстері  ауыстырылды. Оның ішінде  44 рейс халықаралық  болып есептеледі, деп хабарлайды kazgazeta.kz  zakon.kzсілтеме жасап.

Әуе айлағы 9.00-ден 13.00-ге дейін ұшақтарды қабылдамайды және ұшуға жібермейді. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 11 күнге, яғни 21 қыркүйекке дейін жасалды.Барлық таңертеңгі рейстер күндізгі уақытқа ауыстырылды.Ұлттық әуе тасымалдаушысының ұшу кестесіне күрделі түзетулерді жасалған.  Жөндеу кезеңінде 119 рейс ауыстырылды, деп хабарлады «Эйр Астана» АҚ баспасөз қызметі.Сонымен бірге, компания бұл ешқандай шығын әкелмейді деп сендірді. Ұшу уақытындағы өзгерту туралы ақпараттарды әуе компаниясының немесе әуежайдың ақпараттық кеңсесінен табуға болады. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *