«Талан» фильмі көрерменімен қауышуда

732

20 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларынан  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Талан» көркем фильмі көрсетіле бастады.

Фильмнің сценариі белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Қасқыр-адам» повесінің желісі бойынша жазылған. Режиссер Болат Қалымбетов фильм арқылы  ХХ ғасырдың 30-шы – 40-шы жылдарындағы ел тарихындағы ақсүйек жұт пен аштық, репрессияны өзінің қарапайым кейіпкерлерінің тағдыры арқылы көрерменге жеткізуге тырысқан.  Бұл танымал режиссердің «Сардар» фильмінен соң, 13 жылдан кейін түсірген кинотуындысы.  Режиссер айтпақшы, «Талан» — тағдыр деген мағынаны береді, яғни 1930 жылдардағы елі мен жерін тастап шалғайға бет бұруға мәжбүр болған қазақ халқының қиын тағдыры – киноның басты арқауы. Қазақтың басына күн туған қасіретті заман, адамдар арасындағы тартыс, кейіпкерлердің жан сырын аша түсетін психологиялық қайшылықтарға толы сюжеттер бүгінгі кино тілімен ұтымды құрастырылған. Тағай мен Керім есімді қос кейіпкердің өмірі арқылы бір тарихи кезеңге шегініп, сол заманның шындығын көруге болады.




One thought on “«Талан» фильмі көрерменімен қауышуда

  1. Гүлнара Айдарқызы Есимсеитова

    «Қазақ газеттерімен» онлайн қауышқаныма қуаныштымын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *