118-ші театр маусымының ашылуы

438

2018 жылдың 10-11 қазан күндері сағат 19.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында «Рухани жанғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында және 118-ші театр маусымының ашылуына орай М.Горькийдің «Последние» пьесасы негізінде сахналанған «ОТЕЦ» спектаклін ұсынады.

Театрға Максим Горький есімі 1959 жылы берілген және «Последние» шығармасы 1908 жылы жазылған болатын. Театрдың 110 жылдық тарихында аталған шығарма үш рет қойылған: 1940 жылы, 1955 жылы және 1980 жылы. Бүгінгі таңда, шығарма театрда өзінің жаңа қырынан таңылды және тақырыптың ауқымдылығы мен өзектілігі бүгінгі қоғамға құнды.

Еуропа сахнасының атақты майталманы Йонас Вайткустың сахналауындағы 4 көріністе орындалатын трагедиялық балаган — бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі, қазіргі заманғы қоғамда және нақты адам өміріндегі отбасылық ахуалды көтереді.

Қойылым премьерасы жарқын режиссерлық әдістерге, фәлсапалық тапқырлыққа толы болады. Қойылым орыстың ұлы жазушысы, ойшылы Максим Горькийдің 150 жылдығына арналады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *