Қазақстан және Ресей Үкіметтері келісімге өзгерістер енгізді

560

3 қазан күні Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы – 2018» Халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Ресей Федерациясының Энергетика министрі А. Новак 2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық Хаттамаға (бұдан әрі –Хаттама) қол қойды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдің энергетика ведомстволары)

Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдың ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің экспортын және импортын ашу/жабу бойынша шешімдерді жылдам қабылдай алады.

Қазіргі таңда Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Қол қойылған Хаттама Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *