Рухани келісім күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

1089

2018 жылы 18 қазанда Астанада (Қазжол қонақ үйінде) «Қазақстандық жол: сұхбаттастықтан рухани келісімге» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл туралы ҚР ҚДМ ҚКК Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы баспасөз қызметі хабарлайды.

Конференция әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын 18 қазанда аталып өтетін Рухани келісім күніне арналған.

Іс-шара мақсаты мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық идея негізінде қазақстандық сәйкестікті нығайту және конфессияаралық сұхбаттастық пен өзара түсіністікті алға жылжытуда азаматтық қоғамды біріктіру болып табылады.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияға уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары мен Қазақстанның діни бірлестіктерінің өкілдері, ғылыми-сарапшылық қауымдастық, мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысу мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Іс-шара ұйымдастырушылары: ҚР ҚДМ ҚКК Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығы және Астана қаласы әкімдігі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *