МЫРЗАКЕНТТІҢ №1 БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ ӨРЛЕУДЕ

410

Мақтаарал ауданының ортылығы Мырзакент кентіндегі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушылары Қазығұрт ауданы әкімдігінің жүлдесіне арналған бокстан өткен облыстық турнирге қатысып, жоғары белестерден көрініп қайтты. Бұл туралы Мақтаарал аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мырзакенттегі спорт мектебіне келуші балалар спорттың әр салаларында жетістіктерге жетіп, мәртебелерін асқақтатуда. Бокстан өткен облыстық турнирде спорт мектебінің оқушылары Асхат Бекбосын ІІ орын, Нұрғиса Нажимиддин ІІІ орынды иеленіп, мақталы өлкенің абыройын асқақтатты. Сондай-ақ, А.Бекбосын Түркістан облыстық құрама командасының сапына қабылданып, ҚР Чемпионатының аймақтық жарысына қатысу жолдамасын жеңіп алды.

Жас боксшыларды дайындаған спорт мектебінің жаттықтырушылары Нұрбек Демеуов пен Ерғали Ердешов екенін айта кету керек.

Мырзакенттіктер баскетболды да шебер ойнайды. 25-29 қазан күндері спорт мектебінің 2003-2004 жылғы оқушыларынан құралған команда Отырар ауданында баскетболдан өткен облыстық турнирдің чемпионы атанды. Ұлағатты ұстаз, белгілі бапкер Т.Рахметовтың жүлдесіне арналған турнирде Мырзакент спорт мектебінің жаттықтырушылары М.Катешов және Н.Катешовтың оқушылары осылайша жеңістің тұғырынан көрінді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *