Digital Bridge халықаралық инновациялық форумы өтті

146

2018 жылдың 5 қарашасында Астана қаласында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен, «Зерде» Ұлттық инфокомуникация холдингі» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы өтті, — деп хабарлайды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі баспасөз қызметі.

Форумға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков, халықаралық ІТ-қоғамдастығының неігзі өкілдері, технология саласындағы танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, басқа да елдердің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық саланың мамандары, сонымен қатар венчурлық ұйым өкілдері мен инвесторлар қатысты.

Ағымдағы жыл Қазақстан үшін ерекше екенін және:

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміз «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын толық көлемде іске қосты. Бүгінгі күні бағдарлама мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Цифрландыру экономиканы модернизациялауға және еліміздің бүкіл аумағында кең ауқымда жаңа технологиялық ландшафт жасауға бағытталған.

Бүгін сіздер ұлттық инновациялық экожүйені құрудың бастау алуына куәгер болып отырсыздар. Ертең Елбасы «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің жұмысын бастағаны туралы жариялайды. Бұл Қазақстан Республикасының технологиялық дамуының қазіргі заманғы жылнамасының жаңа нүктесі», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің кіріспе сөзінде.

Форум аясында «Цифрлық экономика дамуының жаһандық тренді жөнінде диалогы» атты пленарлық сессиясы өтті. Сессия жұмысына

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Ратас және Ресей Федерациясының цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрі Константин Носков қатысты. Сондай-ақ спикерлер халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, әлемдік нарықтағы цифрлық кәсіпкерліктің жаһандық үрдістеріндегі Қазақстанның әлеуетін талқылады.

Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде: Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье; CEO Hyperloop Transportation Дирк Алборн; Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.

Форум аясында Қазақстандағы цифрландыру саласының ең алғашқы Digital Bridge Awards жүлдесі табысталды. Сайыстың төрешілер алқасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалық етуімен, үш номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.

Осылайша, «Онай» қоғамдық көлікте электронды ақы төлеу жүйесінің жобасы «Ең үздік цифрлық бастама» жүлдесін иеленді.

«Үздік цифрлық кеңсе» атауын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ал Documentolog электрондық құжат айналымы жүйесі үздік IT-компаниясы деп танылды.

«Ең үздік ІТ-компания» жүлдесін сараптау бойынша комиссиясы сайыс үміткерлердің сенімділігін Astana Hub технопаркі акселераттау бағдарламасының алғашқы түлегі — Kompra сервисінің көмегімен тексерді.

Бұдан басқа, Digital Bridge форумының шеңберінде Astana Hub ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің бастамасымен екі эксклюзивті іс-шара өтті: Astana Hub Battle стартаптар жарысы және Astana Hub Awards Қазақстанның стартап-индустриясы саласындағы сыйлығы. Astana Hub технопаркі жүлделер мен стартап-жарысын жыл сайын өтеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, Digital Bridge форумына қатысушыларына, оларды қызықтырған компаниялармен немесе іс-шараға қатысушылармен 30-минуттық 1:1 В2В кездесулер өткізуге мүмкіндік берілді.

Digital Bridge форумы бағдарламасында 9 панельдік пікірталас сессиясы қамтылып, шақырылған спикерлер экожүйелердің тұрақты стартаптарын құру; мемлекетті цифрландыруда Blockchain технологиясын қолдану; электрондық үкіметтің дамуына жаңа ақпараттық технологиялардың әсері; ғарыштық инновациялар, Қазақстан технологиялық кәсіпкерлерінің жаңа келешегін қалыптастыру жолы мен инновациялық дамудың басқа да тақырыптарын талқылады.

Digital Bridge – Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға. Қатысушылар форумның диалогтік алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөлісті.

Digital Bridge форумы цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-ші өнеркәсіптік революция идеяларын ілгерілетуге арналған Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы диалогтік алаңды құрайтын жыл сайынғы іс-шара болады деп көзделуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *