М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Аладиннің сиқырлы шамы» ертегі премьерасын ұсынады

177

2018 жылдың 10-11 қараша күндері сағат 11:00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Нина Гернеттің шығармасы негізінде «Аладиннің сиқырлы шамы» ертегі премьерасын ұсынады, — деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. 

Қойылым ержүрек бозбала Аладиннің Будур ханшаға деген мөлдір махабаты жолындағы тосқауылдарға төтеп берген оқиғасын баяндайды. Алдымен бозбала зұлым Визирмен шайқасқа түседі…. Адамның қалауы – бұл дүниедегі басты қозғаушы құбылыстың бірі. Ол мейірімді және өте қауіпті болуы мүмкін. Аладдин талай таңғаларлық оқиғаларды бастан кешеді.

 16 қарашадан бастап, «Жастар» сарайы сахнасында  М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының  қойылымдары өтеді.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *