МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ МЕКТЕБІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

569

Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментімен  Мемлекеттік қызмет мектебінің студенттері үшін «Студенттердің ХҚКО-дағы бір күні» акциясы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету бойынша Түркістан қалалық №2 филиалында өтті.

Іс шараның өзектілігі – орталықтың базалық мүмкіндіктерін пайдаланып студенттерге электронды қызметтің түрлерін таныстырып, халыққа сапалы қызмет көрсетудің тәсілдерін үйрету.

Акция аясында Мемлекеттік қызмет мектебінің тыңдаушылары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша электрондық қызметтерді насихаттап, электрондық үкімет порталының мүмкіндіктерін түсіндірді.

Мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындары бюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *