«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жекке дайын

274

Орта салмақта WBA (Super) және WBC чемпионы Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет кездесуге дайын екендігін айтты.

Еске салсақ, 2017 жылы өткен Альварес-Головкин жекпе-жегі тең нәтижемен аяқталды. Ал биылғы қыркүйектегі реванш төрешілердің шешімімен Альварестің пайдасына аяқталды. «Канело» енді 15 желтоқсан күні Нью-Йоркте екінші орта салмақта әлемнің «тұрақты» чемпионы Рокки Филдингпен жұдырық түйістіреді.

«Ол (Головкин) қалағанын істей берсін. Мен өз ісімді істедім. Алдағыны көре жатармыз. Үшінші жекпе-жекке қашан болса да дайынмын.

Құдай қаласа, суперорта салмақта осы титулды жеңіп, 160 фунтқа қайтамын. Нокаутпен жеңу қашанда жақсы. Осы айқасты мерзімінен бұрын аяқтауға барымды саламын. «Мэдисон Сквер Гарденге» келген фанаттарға тамаша жекпе-жек сыйлауға тырысамын», — деді «Канело» The Ring-ке берген сұхбатында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *