«SantaFest-2018» фестивалі өтеді

809

Шучье-Бурабай курорты аймағында «SantaFest-2018» фестивалі өтеді.

«Visit Aqmola» туристік ақпарат орталығының мәліметінше, Бурабай курортының танымалдылығын арттыру және ең үздік Аяз атаны анықтау мақсатында 5 қаңтар күні ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «BurabayLand» ойын-сауық саябағында «SantaFest-2018» фестивалі өтетін болады.

Фестивальдің басталуы сағат 12:00-ге жоспарланған. Қатысушылар өздері әзірлеген ойын, ән, ертегі, би бағдарламасын ұсынады. Ең үздік Аяз ата халықтың дауыс беруі арқылы анықталмақ.

Фестивальға Аяз атаның образын сомдайтын кез келген актер қатыса алады.  Қатысушылар өз бағдарламаларын әзірлеуі тиіс, сондай-ақ қойылымдарын сүйемелдеу үшін өздерінің эльфтер командасын әкелулеріне болады. Фестиваль қорытындысында анықталған ең үздік Аяз ата бағалы сыйлықпен марапатталады.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *