Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы жолаушылар көлемін 6 %-ға арттырды

653

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн. жолаушыға қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға көп. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлайды. 

2018 жылы Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты әуежай халықаралық бағыт бойынша 1,8 млн.-ға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса жолаушы әуежай қызметіне жүгінген. Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар: Алматы, Шымкент және Атырау қалалары. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыңнан аса ұшақ ұшу сапарларын орындаған.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуразия құрлығындағы соңғы үлгіде салынған әуежайлардың бірі, бұл жерден тәулігіне 180-ге дейін ұшақтардың ұшу және қону сапарлары орындалады және тәулігіне 17 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсетеді. Елорда әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайда отандық және шет елдік әуе компанияларының, ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытпен 36 ұшақ рейстері жүзеге асырырылады. 2018 жылы халықаралық әуежай 4,5 млн. аса жолаушыға қызмет көрсетті.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *