Месси тарихи рекорд орнатты

630

Каталондық барселона Испания чемпионатының 19-шы туры аясындағы матчте «Эйбарды» ойсырата жеңді.

Барселонадағы «Камп Ноу» стадионында өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Луис Суарес дубль жасады (19 және 59-шы минуттар), үшінші голды Лионель Месси 53-ші минутта соқты.

Аргентиналық форвард үшін бұл доп Испания чемпионатында өткізген 435 матчтегі 400-ші гол. Осылайша, Месси бұл межеге жеткен алғашқы футболшы болып отыр.

Испания чемпионатының тарихындағы голдар саны бойынша екеніші орында Криштиану Роналду. Ол мадридтік «Реал» үшін 292 ойында 311 гол салған.

Премьераның биылғы маусымындағы жалпы 17 матчте Месси 17 гол салып, он нәтижелі пас берді. 43 ұпай жинаған «Барселона» чемпионатта көш бастап тұр, мадридтік «Атлетикода» бес ұпай кем. Ал «Эйбар» 22 баллмен 16-шы орында.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *