М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының қойылымдары Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Оқушылар сарайы сахналарында

784

Елорда тұрғындарына таныс, Желтоқсан 13 көшесі бойында орналасқан тарихи ғимаратпен Орыс театрының талай жылғы тағдыры ұштасып жатыр. Келіп жеткен 2019 жыл М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 118 жылдық ғұмырында өз мекен-жайын уақытша алғаш рет ауысатындығымен көрермендер қауымының есінде қалады. Енді театр қала тұрғындары мен қонақтарына қойылымдар көрсету кеңістігін кеңейтіп, қаланың ең тамаша алаңдарының бірі: Бейбітшілік және Келісім сарайы мен Оқушылар сарайы сахналарында өз шығармашылығымен қуантпақ, — деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі. 

Жақын арада біз сіздерге қызықты және үлкен бағдарлама ұсынамыз: бұл көптен күткен Антуан де Сент-Экзюперидің ғасырлар бойы өзекті фәлсапалық ертегісінің желісімен сахналанған «Маленький принц» қойылымының премьерасы, «Крылатая исповедь вольных птиц» (С.Сейфуллин, И.Жансүгіров, Б.Майлин, Т.Рысқұлов, Сүгір жырау шығармалары негізінде) әуенді-поэтикалық композициясы, сонымен қатар «Екі Натальялардың» шығармашылық мерейтой кештері — Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Наталья Косенко Павлованың 75 жылдығы және «ҚР Мәдениет қайраткері» актриса Матвеева Наталья Ивановнаның 65 жылдығы. Ақпан айында театрдың Көкшетау және Степногорск қалаларына гастрольдік сапары жоспарланған.

Алдағы демалыстарда, алғаш рет жаңа сахнада:

2019 жылдың 19 қаңтар күні, сағат 18:00-де

Л.Толстой «Анна Каренина», драма (+16)

2019 жылдың 20 қаңтар күні, сағат сағат 18: 00-де

Р.Баэр «Смешанные чувства», мелодрама




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *