Сбербанк отандық «НПО Медидез» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды

324

«Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірге Қостанай облысында өндірістік нысандары орналасқан, салыстырмалы түрде жас қазақстандық компания «НПО Медидез» ЖШС-нің жобасын қаржыландырды. Компания ашылған сәттен бастап оның қызметі емдеу-профилактикалық мекемелерінде ауруханаішілік инфекциялармен күреске арналған медициналық жабдықтарды және дезинфекциялау құралдарын сату болып табылған. 2017 жылы «НПО Медидез» ЖШС өзінің жеке дезинфекциялау құралдарын шығара бастады, ал Сбербанк ұсынған айналым құрал-жабдықтарын толықтыруға арналған бастапқы кредиттік желі арқасында компания шығарылатын өнім түрлерін кеңейтіп, Қазақстан нарығына сәтті шықты.

«Отандық өндірушілерге қолдау көрсету таяудағы жылдарға арналған банктің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», – деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. — Кәсіпкерлікті дамыту еліміздің экономикасы үшін өте маңызды және біз әрқашан оны дамыту үшін белсенді ат салысуға тырысамыз. Біздің банк үшін әлеуметтік маңызы жоғары жобалар әрқашан басым орында болғанын айта көткен жөн», — дейді Ельдар Амантаевич.

«Кәсіпорында дайындалатын препараттар айрықша рецептураға ие және ТМД елдері аумағында аналогы жоқ, қазіргі уақытта олар патенттеу сатысында. Өз жеке лабораториясы болуының арқасында компания препараттарға арналған шикізатты жіті бақылап, сонымен қатар өндіріс сатыларын үнемі тексеріп отырады. Мұндай әдістеме шетелдік ұқсас препараттарды шығарушылармен бәсекелесуге мүмкіндік береді», — дейді «НПО Медидез» ЖШС басшысы Алия Кайракбаева.

Бұл жобаны қаржыландыру «Тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамтуды дамыту» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған. 2018 жылғы желтоқсан айының басында «НПО Медидез» компаниясы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында отандық өндірушінің өндірістік мақсаттағы ең үздік тауары ретінде марапатталған болатын, оған аймақтық кезеңдерде жеңіске жеткен 153 кәсіпорын қатысқан болатын. Қазіргі таңда «НПО Медидез» ЖШС өз өнімін сату бойынша Ресейдің және Қырғызстанның компанияларымен сәтті серіктестік жүргізуде.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *