1 МАМЫРДА АТЫРАУДА ЖАППАЙ ВЕЛОШЕРУ ӨТЕДІ

535

«Charity Bike Ride Atyrau – 2019» қатысушылары үшін жүгіру қашықтығы 9 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Екінші жыл сайынғы велошеру «Атырау облысындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, спорт және дене шынықтыру басқармасы және Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. «Charity Bike Ride Atyrau – 2019» қатысушылар үшін жүгіру қашықтығы 9 шақырымды құрайды, жаппай велошеруге барлық ниет білдірушілер қатыса алады.

— Велошерудің басты мақсаты – өңірдегі велоспортты дамыту. Өткен жылы «Атырау облысындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстанның кәсіби велоспортшысы Александр Винокуров, Олимпиада чемпионы Илья Ильин және басқа да белгілі тұлғалар қатысқан «Charity Bike Ride Atyrau – 2018» алғашқы қайырымдылық велошеруі өткен болатын. Велошеру нәтижесінде Атырау қаласында велоорталық ашылған еді, — дейді қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Нұрбек Ахмедияров.

Айта кетейік, бұл жылы қатысушылар тіркеуден өтпейді. Жалпы жиналу М.Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театры алаңында басталады, басталуы 17.00-ге бекітілген, велосипедшілер Сұлтан Бейбарыс аймағында мәре сызығын кеседі. Велошеруден кейін 19.00-де алаңда қатысушыларды өңірлік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама күтеді.

-Биылғы жылы мәреде серіктес компаниялардың тағам өнімдері сатылады. Саудадан түскен барлық қаражат велоорталыққа қажетті спорттық құралдар алуға жұмсалады, — дейді «Атырау облысындағы спортты қолдау және дамыту» қоғамдық қорының ресми өкілі Талғат Утегулов.

Жаппай велошеру спорттық жарыс болып есептелмейді және велоспортты қолдау мен дамытуға және салауатты өмір салтын дәріптеуге негізделген.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *