Орыс тілін үйретудің қажеті бар ма?

449

Қазақ мектебінде орыс тілін үйретудің керегі жоқ. Оның орнын ағылшын тілі басып, әлемдік ақпаратты ағылшынша оқи алатын жаңа буын қалыптастыруымыз керек. Орысшаны көшеден-ақ үйренеді ғой. Сосын, орысы болсын, қазағы болсын, басқасы болсын, жоғарғы оқу орнына түсетін талапкерлер мемлекеттік тілде емтихан тапсыруы тиіс. Орыс топтарына бөлінетін грантты сөйтіп азайтуға болады, егер оны азайта алмай отырсаңыздар.. Мемлекеттік тілде, мемлекеттік тұрғыда ойлайтын жаңа ұрпақ қалыптастыратын уақыт болды. Кейбір пәндерді ағылшынша оқыту – баланың миын ашыту деген сөз. Қазақ баласы кейін ғалым болғанда қазақша ойлай алмайтын дүбәра біреу болып шығады. Қазақ ғалымы қазақша ойлап, ғылыми терминдерді қазақша жаттап өсуі керек. Сонда ғана мемлекет алға басады. Ал мынау – ағылшын тіліне кіріптар қылу деген сөз. Ағылшын тілін жеке пән ретінде ғана оқытып, басқа пәндердің бәрін қазақша оқып шыққаны дұрыс. Бізде орыс мектебі, қазақ мектебі, аралас мектеп дегендер де болмауы керек. Мектеп деген бір-ақ нәрсе болуы керек. Және ол мектеп – қазақ мектебі ғана болуы керек!

Жолымбет Мәкіштің фейсбук парақшасынан




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *