Данияр Елеусінов жетінші кездесуін жеңіспен аяқтады

497

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Оксон Хилледегі  (Мэриленд штаты, АҚШ) бокс кешіне қатысты.

Ол MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде чилилік Луисом Норамбуэнмен (3-1-1, 0 КО) айқасты. Жартылай орта салмақта болған бұл жекпе-жек төрешілер бірауыздан келісіп,  Елеусіновті қолдады.

Сонымен, Данияр кәсіби бокста жетінші рет  жеңіске жетті. Айта кетер жайт, ол бұған дейін кәсіпқой бокстағы айқастарында жеңілмеген. Ал, Норамбуэн өз спорттық жолында екінші рет сүрініп отыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *