Алматыда сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинары өтті

313

27 мамырда Орталық сайлау комиссиясының хатшысы С.С. Мұстафина Алматы қаласында «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңіндегі сайлау комиссияларының жұмысы туралы» сайлауды ұйымдастырушылар үшін оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, электораттық оқытудың сертификатталған жатықтырушылары Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында С.С. Мұстафина қатысушыларды сайлау заңнамасындағы өзгерістермен, сайлау науқанының негізгі кезеңдерімен, кандидаттардың сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру шарттарымен, сайлау комиссияларының сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі өкілеттіктерімен, аумақтық сайлау комиссияларының және жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерімен танысты.

Сонымен қатар сайлау науқанын қаржылық қамтамасыз ету және сайлау комиссияларының мүшелерін электораттық оқытуды ұйымдастыру мәселелері кеңінен айтылды.

Алматы қ. әкімі аппаратының басшысы Ж.Қ. Қалиев сайлаушылардың тізімдерін жасау және оларды сайлау комиссияларына беру бойынша жүргізілген жұмыс, сайлау учаскелерін материалдық – техникалық жарақтандыру бойынша, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайларды қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Ж.Б. Асанова сайлау науқанын әзірлеу мен өткізудің ағымдағы жағдайы, сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайындығы туралы хабардар етті.

Электораттық оқытудың сертификатталған жаттықтырушысы В.П. Пытьева сайлау комиссияларының дайындық кезеңіндегі, сондай-ақ тікелей дауыс беру күнгі қызметі мәселелеріне нақты тоқталып өтті.

Семинар қорытындылары бойынша өзара пікір алмасу жүргізіп, сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *