Сайлауалды дебаттар мен пікірталастар «Хабар» телеарнасында көрсетіледі

420

29 мамыр күні сағат 18.00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде сайлау алдындағы дебаттар мен пікірталастар өтеді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының бекітілген регламентіне сәйкес теледебаттар мен пікірталастар 3 раундқа бөлінген, — деп хабарлайды kazgazeta.kz «Хабар» Агенттігі» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бірінші раундтың тақырыбы — «Қазақстанның экономикалық дамуының басымдықтары». Алғашқы раунд екі турды қамтиды.

Бірінші турда әрбір қатысушы өзінің сайлау алдындағы бағдарламасын таныстырып, сөз сөйлейді.

Екінші турда қатысушылардың өздерінің оппоненттеріне «сұрақ-жауап» түріндегі пікірсайыс сессиясы қарастырылған. Қатысушылар екі сұрақтан қойып, екі сұраққа жауап бере алады.

Екінші раундтың тақырыбы — «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы».

Екінші раундтың бірінші турында қатысушылар берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді.

Екінші турда жүргізушілер барлық қатысушыларға бір сұрақ қояды.

Үшінші раундтың тақырыбы — «Сайлаушыларға сөз арнау». Үшінші, қорытынды раундта қатысушылар тікелей сайлаушыларға арнап сөз сөйлейді.

Түсірілім «Қазмедиа орталығы» медиакешенінде ұйымдастырылады. Жүргізушілер – танымал тележүргізушілер Ерлан Игісінов пен Қымбат Досжан. Кәсіби шығармашылық ұжым ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен бірлесіп, сайлауалды дебаттар мен пікірталастардың телевизиялық нұсқасын әзірлеу үшін дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *