Ахметжан Есімов Петербургтегі халықаралық экономикалық форумына қатысушылармен кездесулер өткізді

1298

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Петербургтегі халықаралық экономикалық форумының аясында бірқатар ресейлік және еуропалық компаниялар басшыларымен бірнеше инвестициялық кездесулер өткізді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті хабарлайды.

 Атап айтқанда, неміс «Шнейдер Электрик» компаниясының өкілдерімен өткен кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ-ның тау-кен компанияларын цифрландыру және осы саладағы қазақстандық кадрларды жүйелі оқыту туралы келісті.

«Біз мұнайшыларға арналған оқу орталығын ашу туралы шешім қабылдадық. Шнайдер Қордың еншілес компанияларына қызметкерлерді дайындауға көмектеседі»,- деп атап өтті «Шнейдер Электрик» компаниясының Ресейдегі және ТМД елдеріндегі Президенті Йохан Вандерплаетсе.

Сонымен қатар, цифрландыру тақырыбы Ахметжан Есімовтің Ресей мен ТМД-да KPMG басқарушы серіктесі Олег Гощанскиймен кездесу барысында талқыланды. Тараптар қазақстандық компанияларға цифрландыру шеңберінде алдыңғы қатарлы құралдарды енгізу мүмкіндігін беру үшін KPMG компаниясының Орталық Азияда KPMG Digital Village ашу бойынша жобалары мен жоспарлары жұмысының жай-күйін, сондай-ақ «Самұрық-Энерго» АҚ-мен ынтымақтастықты талқылады.

Сондай-ақ, Қор басшысы Петербургтегі халықаралық экономикалық форум аясында ВТБ Банк Президентінің бірінші орынбасары — Басқарма төрағасы Юрий Соловьевпен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмысын және  «AEON Corporation» директорлар кеңесінің төрағасы Роман Троценкомен полипропилен, алтын және азот-минералды тыңайтқыштарын өндіру жобаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу соңында А. Есімов  «Лукойл» КАҚ» ҰК президенті Вагит Алекперовпен кездесті. Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды және Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан «I-P-2» жобасының шеңберінде ынтымақтастың негізгі шарттары келісілді.

Барлық кездесулердің қатысушылары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен қарым-өатынастардың жақсы динамикасын атап өтті, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық климат посткеңістікте ең үздік деп танылды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *