12 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде аптап ыстық болады

182

12 шілде күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Республиканың тек батыс, солтүстік-батыс және шығыс өңірінде атмосфералық  ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Тек республиканың қиыр батысында ғана дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.    Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанда, күндіз Шығыс Қазақстан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің  жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін. Батыс Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.     Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық болады. Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында ыстық, кей жерлерде аптап ыстық күтіледі.    Қызылорда, Алматы, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл  облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Дереккөз: Қазгидромет




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *