Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияның рөлі жайлы ғылыми-практикалық конференциясы өткізеді

551

2019 жылғы 5 тамызда сағат 11.00-де Достық үйінде кәсіподақ ұйымдары, мектеп медиаторлары, сот және құқық қорғау органдары, әділет органдары, депутаттар, «Nur Otan» партиясы, этномәдени бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, қалалық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі және Аналар кеңесінің қатысуымен «Азаматтық қоғамның жаңғыруындағы медиацияның рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі хабарлайды. 

Конференция жұмысына медиация мәселелеріне маманданған көрнекті ғалымдар мен өңірлерден шақырылған кәсіби медиаторлар қатысады.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы

Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты: қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз етуде медиация институтын нығайту және одан әрі дамыту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу болып табылады:

— қоғамдық медиатордың қызмет этикасы ережелерін әзірлеу;

— медиативтік келісімдерді сапалы жасасу үшін «қоғамдық медиатор» ұғымының критерийлерін анықтау (медиаторлардың біліміне және біліктілігіне қойылатын нақты талаптарды белгілеу);

— қоғамдық медиаторлар үшін оқыту курстарын, семинар-тренингтер өткізу;

— әр азаматтың өміріндегі медиацияның рөлі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Медиация саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысын күшейту шеңберінде конференция нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығарылады және медиативтік практикада қолдану үшін медиация рәсімі бойынша ғылыми-әдістемелік материалдар әзірленеді. Жинақ Қазақстан халқы Ассамблеясының сайтында қосымша жарияланады.

Семинар – тренинг қатысушыларына арнайы сертификаттар табысталады.

Бірыңғай республикалық медиация күні шеңберінде елордалық Достық үйінде, «Nur Otan» партиясының қалалық филиялының қоғамдық қабылдауында, қалалық кәсіподақ орталығында, ҚХА қолдауымен Алматы аудандық сотында медиация кабинеттерінің «Ашық есік күні» өтеді. Азаматтарды қабылдауды мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сарапшылар, заңгерлер мен АХАТ өкілдері өткізеді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы мүшелерінің еріктілері ретінде тартылған мүшелерімен бірлесіп, тұрғындар арасында медиация институтын дамыту жөнінде блиц-сауалнама өткізеді.

2018 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулерге қол қойылған болатын. Осы ретте Ассамблея қоғамдық келісім мен жалпыэтностық бірлікті қамтамасыз ету бойынша медиацияны дамытудың тетігіне айналды.




One thought on “Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияның рөлі жайлы ғылыми-практикалық конференциясы өткізеді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *