Алмазбек Атамбаев құқық қорғау органдарына өз еркімен берілді

235

 Қазір Атамбаевты Бішкекке, яғни Ішкі істер министрлігінің тергеу қызметіне жауап алу үшін апара жатыр. Бұрынғы президенттің жанында жақтастары Кундуз Жолдубаева мен Фарид Ниязов бар, деп хабарлайды kazgazeta.kz 24.kz -ке  сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Кой-Ташта бүгін резиденцияны басып алу операциясының екінші кезеңі жүргізілген болатын. Бірнеше сағатқа созылған келіссөздерден соң, Атамбаев өз еркімен берілу шешімін қабылдаған. Себебін бейбіт тұрғындардың өмірін қатерге тікпеу деп түсіндірді экс-президенттің штабы. Еске салайық, кеше кешкісін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы Қырғызстанның бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясын бастаған еді. Нәтижесінде экс-президент жақтастары мен әскерилер арасында қақтығыс болып, бір адам қаза тапты. Тағы 50 шақты адам түрлі деңгейде жарақат алған.     Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының президенті: – Кешегі оқиға бойынша барлық кінәлілер жазаланады. Қылмыстық іс қозғалды. Атамбаев ел конституциясы мен заңды бұзды. Ол бұған дейін куәгер ретінде тергеуге шақырылса, енді ауыр қылмыс жасаған айыпталушыға айналды. Бұл – екі адамның текетіресі емес, мемлекет мүддесінен жеке мүддені жоғары қойып, бассыздыққа жол беру.

Сурет: REUTERS/Vladimir Pirogov-тан алынды.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *