Елорда әкімі құрылыс саласының қызметкерлерін құттықтады

390

Елорда әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

«Елбасының жаңа астананы құру туралы шешімі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы серпінді қадам, прагматизм мен көрегендіктің үлгісі болып табылады. Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулетті құрылыстар, әсем ғимараттар мен көпқабатты тұрғын-үйлердің барлығы – құрышқолды құрылысшылардың ерен еңбегі. Қаланың сәнін келтіріп, айшықтандырып тұрған құрылыстарға қалдырған қолтаңба әрқайсыңыз үшін үлкен мәртебе»,- деді А.Көлгінов. Елордада 65 мың құрылысшы еңбек етеді. Жыл сайын олар 2 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй салады. Тұрғын үй қоры 5,5 есеге жуық ұлғайғанына қарамастан, елордада әлі де өз баспанасы жоқ отбасылар бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, қаламызда қолжетімді баспана құрылысы артатын болады.

«Біз әлеуметтік саладағы құрылыс көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз және сіздің кәсібилігіңізге басты әлеуметтік басымдықтардың табысты шешілуі байланысты. Абыройлы да жауапты жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, Сіздердің дендеріңіздің сау, отбасыларыңыздың аман болуына тілектеспін», — деді А.Көлгінов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *