Қарғалы өзеніне қатысты Алматының қалалық ТЖД толық ақпарат берді

243

Қарғалы өзеніне қатысты Алматының қалалық ТЖД толық ақпарат беріп, жағдайды түсіндірді, — деп хабарлайды kazgazeta.kz

«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді. Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ », — деді қалалық ТЖД өкілдері.

 Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары 6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған.  Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған. Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды.

 Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқиға орнына шұғыл аттанған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *