Президент Үкіметке мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруды тапсырды

371

Тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев бұл тапсырманың ерекше басымдыққа ие екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. «Мемлекеттік емес мектепке дейінгі шағын ұйымдарда көп жағдайда тәрбиелік-білім беру процесі жоқ деуге болады. Тәрбиешілер мемлекеттік жалпыға ортақ стандарттарды сақтай бермейді. БАҚ арқылы біз балаларды сабау, олардың жайсыз жағдайда ұстау жайлы жағдайларды естіп жатамыз. Осы ретте мектепке дейінгі білім беру және тәрбие беру сапасын арттыру бағытында Үкіметке бірқатар шараларды, әсіресе заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырамын. Бұл – басымдыққа ие тапсырма деп біліңіздер», — деді Президент. Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтуде.

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *