Испанияда ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, жеті адам қаза тапты

137

Испанияда Мальорка аралындағы (Балеар аралдары) Инка муниципалитетінде жеңіл ұшақ тікұшаққа соқтығысып, жеті адам қаза тапты.

Агенттіктің мәліметінше, мерт болғандардың арасында ата-анасымен бірге саяхатқа шыққан екі бала да бар. Балалардың ата-анасы — Германия азаматтары. Ұшақта бір ұшқыш пен бір жолаушы болған. Өкінішке қарай, апаттан ешкім аман қалмаған. Ұшақ пен тікұшақтың қалдықтары жекеменшік үйдің үстіне құлап, сол жерден өрт шықты. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетіп, тілсіз жауды сөндірген. Азаматтық гвардия апат себептерін тергеуді қолға алды.   Ал EFE агенттігінің хабарлауынша, Балеар аралдары үкіметінің төрағасы Франсина Арменгол мен Испанияның премьер-министрі Педро Санчес апат құрбандарының жақын-туыстарына қайғысына ортақтаса көңіл айтты. Енді Балеар аралдарының үкіметі алдағы үш күнді қаралы күн деп жарияламақ.

Дереккөз: inform.kz




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *