ЖОЛДАУ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

160

Президенттің халыққа жолдауы — бұл алдағы дамудың бағыт-бағдары. Ілгері дамудың бағыты болмаса, адамда алға қарай талпынуға мақсат та болмас еді. Сондықтан жыл сайын жолданатын жолдау халықтың бақытты өмір сүруіне, мемлекеттің кемелденуіне едәуір септігін тигізетінін байқаймыз.

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бииыл 2-қыркүйекте халыққа жолдауын жариялады. Жолдаудың басты ерекшелігі  — мемлекетішілік әлеуметтік мәселелер мен одан туындайтын күрделі ахуалдардың шешімін табуға бағытталған. Себебі, Президент өз жолдауын:  «Халықты тыңдайтын мемлекет құрудан, халықпен тікелей байланыста болудан, ендігі кезде қоғамдық диалогтың шынайы ашық болуын, халықтың мұқтаждығына оперативті қараудан» бастағанды жөн көріпті. Бұл — қуантарлық жағдай. Осы күнге дейінгі Жолдаулардағы стратегиялық бағыттар мемлекетімізді дамушы елдер қатарына қосты. Расында да ендігі кезекте, халықтың бақытты өмір сүруіне, тұтастығына, үкімет пен халықтың арасындағы байланысты нығайтуға, заңның әділ орындалатынына халықтың көзін жеткізуге бағытталған жұмыстар күшейтілуі керек екені биылғы Жолдауда айқын көрсетілген және бұл бағыт халықтың көңілінен шығады деп ойлаймыз.

         Кез келген мемлекеттің негізін құрайтын ұлттың өркендеуі, ұлт болып күшеюі тілі мен мәдениетінің сақталуына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Жолдауда: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келетініне» сеніммен уәде бергені байқалады. Елімізде қазақ тілінің қолданыс аясы баяу болса да кеңейіп келеді. Көпұлтты мемлекетті тұтастай біртілді мемлекет ету күрделілігін барлығымыз жақсы білеміз. Дегенмен, еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне құрметі артып келеді. Осы күнге дейін қазақ тілінде сөйлеуге арланатындар, қазақ тілінде сөйлей алмайтындар көпшіліктің мемлекеттік тілде еркін сөйлей бастағанын аңғарып, өз ісіне ұялатын болды. Демек, қазақша сөйлейтін орта көбейіп келеді, қазақстандық жас ұрпақ қазақша сөйлеп келеді. Олай болса қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт та аз қалды.

         Айгүл Әмірбекова,

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

 Лексикология бөлімінің меңгерушісі

 




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *