Атырауда республикалық ақындар айтысы өтуде

598

Атырауда ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Жыр жұлдызы Фариза» республикалық ақындар айтысы басталды, деп хабарлайды Атырау облысының  Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған айтысқа еліміздің барлық өңірінен 22 ақын келді.

Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі.

—        Өзінің өмірін өлеңге арнап, барлық ғұмырын жырмен жырлаған жерлес апамыздың құрметіне Атырау облысының әкімдігі апталық шарасын өткізуде. Кеше ақын апамызға арналған конференция өтті. Сондай-ақ, өлең-жыр байқауларын, спектакльдер өткізу жоспарлануда. Тек осы шаралармен шектелмей, алдағы күндері де ауқымды шаралар өтетін болады, — дейді Серік Шапкенов.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *