Ластанған ауа ішімдік пен темекіден зиянды

409

Лас ауа өмір сүру ұзақтығын екі жылға қысқартады.

Чикаго университетінің мамандары AQLI ауа сапасына арналған сайтында ластанған ауа қабатының әртүрлі мемлекеттердегі тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығына әсері туралы соңғы статистикалық деректерді жариялады.

Зерттеуде индустриялық өнеркәсіп пен көлік құралдарында жанармай мен отын жағу нәтижесінде пайда болатын  бөлшектермен ластану қарастырылды. Жұмыс барысында мамандар бұған дейінгі зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, ауаның сапа индексін (AQLI) жасап шығарды. Зерттеу авторларының бірі Майкл Гринстоунның айтуынша,  (Michael Greenstone) AQLI индексі ауа ластануының ең маңызды көрсеткіші болып табылатын өмір ұзақтығымен өлшенеді.

Зерттеушілер өз деректерін адам денсаулығына зиянды  өзге «қауіптермен» біріктіріп, ауа ластануының бұл тізімде көш бастағанын анықтады.  Яғни ластанған ауа өмір сүру ұазқтығының орташа көрсеткішін ғаламшар масштабында  1,8 жылға қысқартады. Бұл ретте темекі шегу қаупі 0,2 есеге кем. Алайда, Майкл Гринстоунның айтуына қарағанда, адам өмір сүру ұзақтығын ұзарту үшін темегі тартудан бас тартуына болады. Бірақ бұл ауа ластануынан қорғай алады деген сөз емес.

Дайындаған Үміт Жұмаділова




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *