Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі болды

214

Алматы қаласының кейбір тұрғындары бүгін түнде жер сілкінісін сезінді. Қаланың ТЖД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жер сілкінісі түнгі 3:49-да 2 балл көлемінде тіркелген. 

 «Жер сілкінісінің ошағы  Алматы қаласының аумағында  шығысқа қарай 140 км. жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.7. Магнитудасы MPV 4.6.

 Эпицентрдің координаттары 43,18 ° N 76.77 ° шығыс

  Тереңдігі 15 км.

  Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында  2 балл көлемінде сезілді.

          Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік  учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ. «Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ» — деп хабарлайды Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *