Футболдан әлем чемпионы карьерасын аяқтайтынын хабарлады

201

Германия құрамасы сапында 2014 жылы әлем чемпионы атанған Бастиан Швайнштайгер 35 жасында футболшы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

2017 жылдан бері жартылай қорғаушы америкалық «Чикаго Файр» командасында ойнайды, биылғы маусымда ол 30 матчте бір гол салды. Оның клубы 19 қазанда басталатын плей-офф кезеңіне өте алмады.

«Құрметті жанкүйерлер! Уақыт келді. Маусым аяғында ойыншы карьерасын аяқтаймын. Сіздер мен ойнаған командаларыма алғыс білдіремін. «Бавария», «Манчестер Юнайтед», «Чикаго» және Германия құрамасына. Әлбетте жұбайым Ана Иванович пен отбасыма қолдаулары үшін мың алғыс. Карьераны аяқтау ностальгия тудырады екен, бірақ, мен жақын арадағы жңа сындарды асыға күтемін. Бірге өткізген уақыт үшін үлкен рахмет», — деп жазыпты футболшы әлеуметтік желіде.

2000 мен 2015 жылдар аралығы Швайнштайгер «Баварияда», ал 2015 мен 2017 аралығы «МЮ» үшін ойнады. Ол сегіз рет Германия чемпионы атанды және 2013 жылы Чемпиондар лигасын ұтқан.

2004 пен 2016 жыл аралығы Швайнштайгер Германия құрамасы үшін 121 матчте 24 гол соқты.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *