Kazakh Tourism компаниясына жаңа басшы тағайындалды

120

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ержан Еркінбаев тағайындалды.

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген.

Бұған дейін Ержан Еркінбаев Алматыдағы хайуанаттар паркінің директоры болып жұмыс істеді, «Медеу» спорт кешенін және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортын басқарды.

2002-2009 жылдары Capital Partners компаниялар тобында жұмыс істеді. Ақтау және Атырау қалаларында Халықаралық қонақ үй кешендерін дамыту бойынша жобалардың жетекшісі болды, компанияның басқарушы директоры болып жұмыс істеді, білім беру саласындағы халықаралық жобалар департаментін басқарды.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясында осыған дейін Рашид Күзембаев басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.




ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *